Навигация 

Компания туралы

“Atameken” корпорациясын АҚШ-та білім алып жатқан бір топ қазақстандықтар 1993 жылы Нью-Йорк қаласында құрды. Осы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен “Atameken” корпорациясы АҚШ-тағы Іскерлік байланыс орталығы мәртебесіне ие болды.

“Atameken” корпорациясы - 1994 жылдың ақпан айындағы президент

Н.Ә. Назарбаев пен 1995 жылдың наурыз айындағы Премьер-Министрдің АҚШ-қа ресми сапарлары кезінде қазақстандық өкілдерді АҚШ-тың іскер орталықтарымен кездесулер ұйымдастырушылардың бірі болды.

Қазақстандағы шағын экономикалық реформалар кәсіпкерлердің ұлттық экономиканы нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ат салысуларын кеңейтуге негіз болды. Бұл күш пен қаражатты жаңа бағыттарға шоғырландыруды, шұғыл шешімдерді қабылдауды және басшылардың дербестіктерін қажет етті.

Сондықтан да жиырмаға жуық өз алдына жеке еншілес кәсіпорындар құру уақыт талабынан шығып, жаңа мақсаттар мен міндеттерді жүктеді.

 
Жаңалықтар
Әбе достарын жинады
   «Әбе достарын шақырады».  Көрнекті сөз зергері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің ғұмырындағы алғашқы шығармашылық кеші осылай аталды.
   Алматы, 12 желтоқсан 2009ж.  Бүгін қала әкімі  Ахметжан Есімов мәдениет, білім, денсаулық сақтау, өндіріс саласының көрнекті өкілдеріне Тәуелсіздік мерекесіне орай елбасының атынан  мемлекеттік наградаларды табыстады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары
   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысында болған жұмыс сапарында осы өңіңде қолға алынған бірқатар инвестициялық жобалармен танысты. «Atameken Holding» Қаржы және Өнеркәсіп тобының  Арал қаласында жүзеге асырған жобалары  мемлекет басшысының ерекше назарын аудартты.